СҚО-да тамызда мойыл қайта гүлдеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында күздің жақындағанына қарамастан мойыл ағашы қайта гүлдеп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

СҚО Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғындары бақшаларындағы мойыл ағашының қайта гүлдей бастағанын көріп, бұл жаңалықпен Instagram -да бөлісті.

Тұрғындардың айтуынша, олар мұндай құбылысты алғаш рет байқап отыр. Өйткені әдетте мойыл көктемде мамыр айының ортасынан аса ғана гүлдейді. Осы кезде міндетті түрде күн суытады екен.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің биология кафедрасының доценті Гүлнар Тілеубергенованың айтуынша, мойыл ағашының тамыз айында гүлдеуі – аномалиялық құбылыс. Алайда сирек болса да табиғатта кездеседі екен.

«Биыл жаз өте ыстық болды. Мойылдың қайта гүлдеуіне осы себеп болуы мүмкін. Өсімдік үшін бұл қауіпті. Өйткені қазір ол екінші рет гүлдеу үшін көп энергия жұмсады. Жемісі де жетіліп үлгермейді. Көктемде бұл ағаштар енді гүлдемейді. Жалпы бұл құбылыс ескі ағаштарға тән. Олар осылай соңғы рет гүлдеп, қыстан аман шықпайды, қурап қалады», - дейді Гүлнар Тілеубергенова.



Соңғы жаңалықтар