СҚО-да су тасқынына дайындық бойынша оқу-жаттығу өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Көктем - 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл республикалық оқу-жаттығу штабы Петропавлда орналасқан. Басқару органдары, мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі күштері су тасқынына әзір.

Оқу-жаттығудың алғашқы күні Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Марат Күлдіковтың жетекшілігімен жиналыс өтті.
«М.Күлдіков өз сөзінде көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюдың, өңіраралық іс-қимылдарды үйлестірудің, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін тиімді пайдаланудың маңызын атап көрсетті», - деді баспасөз қызметінен.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары және апатты жағдайлар бойынша жұртшылықты дер кезінде құлақтандыру, қауіпсіз аймақтарға алып шығу мүмкіндіктері сараланды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларда оның алдын алу жолдары әлдеқайда тиімді екені атап көрсетілді. Қарды жинау және шығару, арықтарды тазалау, инертті материалдармен қамтамасыз ету жағдайы барынша ескерілді. Азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны кезеңінде іс-қимылдары бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің қызметін дер кезінде жоғарғы әзірлік режиміне келтіру мәселелеріне ерекше мән берілді.

«Көктем - 2019» оқу-жаттығу шаралары екі күнге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар