СҚО-да су қоймасының деңгейі жарты метрге көтерілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзені арнасында сең жүре бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Қазгидромет» филиалының деректеріне сүйенсек, өзен деңгейінің көтерілуі Сергеев су қоймасының төменгі жағынан байқалады. Ал өзеннің салаларында керісінше су төмендеген.

Сергеев су қоймасында тәулік көлемінде су деңгейі 51 сантиметрге көбейген. 130 сантиметр болатын бөген биігінен су асып жатқаны да байқалған. Ал Петропавл су қоймасында су деңгейі 1 сантиметрге көтерілген.

Жақын күндері өңірде қар еріп, ауа температурасы көтеріле бастайды. Синоптиктердің болжауынша кейбір тұста өзендер арнасынан асып кетуі ықтимал.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен демалыс күндері өңірдегі үйлерді су басуына қатысты мәлімет тіркелмеген. 

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар