СҚО-да саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан ер адамның мәйітін тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының маңындағы ормандардың бірінен саңырауқұлақ теруге шыққандар ағашқа асылған ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбыға баратын айналма тас жолдың бойындағы ормандардың бірінде ағашқа асулы тұрған ер адамның мәйітін 13 қазанда саңырауқұлақ терушілер көріп, құқық қорғау органдарына хабарлады.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы оның 1994 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны екенін анықтады. Ол осы күнге дейін із-түссіз жоғалғандар тізімінде болған. Сол маңнан ер адамның құжаттары, ақша және банк картасы табылды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар