СҚО-да республикалық маңыздағы және 4 аудандағы жолдар жабық

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ақ түтек боранның салдарынан жолдар жабылып, жедел қызметтер кезекшілік атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің әсіресе Айыртау ауданында боран ұйытқып тұр. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында патрульді полиция батальонының экипаждары жолдарды бақылауға алған.

«Саумалкөлден Рузаевкаға дейін бірнеше жерде жолды қар басып қалған. Қазір ол жерде қар тазалағыш техника жұмыс істеп жатыр», - дейді патрульдік полиция батальонының инспекторы Асқат Бақытжанов.

Мамлют ауданында ресейлік жүк көлігінің жүргізушісі жолда қалды. Самара қаласының тұрғыны Алексей Додаев машинаны бұру кезінде рульге ие бола алмай қалып, 10 тонна биоқоспа артылған көлік жыраға түсіп кеткен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Көмек көрсетуге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, құтқарушылар және «Қазавтожол» мамандары тартылды. Көптеп-көмектеп олар жүк көлігін қар кептелісінен шығарды. Алғысын жаудырған шетел азаматы Екатеринбург қаласына жолын жалғады.


Қазір СҚО-да республикалық маңыздағы жолдармен бірге Айыртау, Тимирязев, Жамбыл және Шал ақын аудандарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Жолдарда қар тазалағыш техника жұмыс істеп жатыр.



Соңғы жаңалықтар