СҚО-да «QazAvtoJol» филиалының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «QazAvtoJol» ҰК» филиалына жаңа басшы тағайындалды. Облыстық әкімдіктің отырысында Қуаныш Ескендіровті өңір басшысы таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуаныш Рахымжанұлы Ескендіров СҚО-ның тумасы. Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында 1985 жылы дүниеге келген.

2007 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының магистратурасын «көлік құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдап, «техника ғылымдарының магистрі» біліктілігін алып шықты.

Еңбек жолын 2007 жылы «Mercury Trade» ЖШС Атом өнеркәсібі басқармасының инженері болып бастаған. Кейін көптеген жекеменшік компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ СҚОФ директоры болып тағайындалғанға дейін компанияның Алматы филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар