СҚО-да пара алған шенеунікке сот үкімі шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жетекшісінің орынбасары Ғалым Тасболатовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, шенеунік Ақжар ауданындағы бір компания директорынан 200 мың теңге сомасында пара бопсалады деп айыпталған еді. Сыйақыға ол автомобиль жолдарына қызмет көрсету және күтіп алу бойынша жарияланған мемлекеттік сатып алу байқауында жеңіске жетуге көмектеспек болған.

Петропавл қалалық сотының үкімімен Ғалым Тасболатов кінәлі деп танылды. Енді ол 4,5 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс және мемлекеттік қызметте лауазымда болу құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Ернар Баянғазин басқарма жетекшісінің орынбасарларына қатысты екі істің сотқа берілгендігін айтқан болатын.

«Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда, басқарма жетекшісі сот үкімі шыққаннан кейін он күн ішінде жұмысынан босату туралы өтініш беруі керек. Ал соңғы, яғни орнында қалдыру-қалдырмау жөнінде шешімді жоғары тұрған басшылық қабылдайтын болады», - деді Ернар Баянғазин.


Соңғы жаңалықтар