СҚО-да өнеркәсіп саласында жұмысшылар жетіспейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да өнеркәсіп саласында жұмысшылар жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, мамандар ірі және орта кәсіпорындардағы кадрлар қажеттілігі туралы есеп жүргізді.

Кадрларға қажеттілік және саны бойынша статистикалық ақпарат қаржы және сақтандыру қызметінен, мемлекеттік басқару және қорғаныстан, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден, өзге де қызмет түрлерін ұсынатын мекемелерден, экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан алынды.

Мамандардың айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің саны - 65,7 мың адам, бос жұмыс орындар саны - 1, 04 мың. Есептік кезеңде қызметкерлер қажеттілігі 462 адамды құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындар үлесі 1,6%-ды құрады.

«Бос орындардың басым көпшілігі «кәсіби мамандар» кәсіпкерлік қызмет тобы бойынша белгіленді - 332 адам қажет болса, бұл - 28,1%. «Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары» кәсіптік тобы бойынша бос орындар саны - 192, «әкімшілендіру саласындағы қызметшілер» - 118», - дейді статистер.

Ал, экономикалық қызмет түрлері тобында, мамандардың есебінше, ең көп бос жұмыс орындары өнеркәсіп саласында тіркелген - 351. Ал құрылыс саласына небәрі бір жұмысшыға ғана сұраныс болған. Қоғамдық тамақтандыру және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар салаларында бос жұмыс орындары жоқ.

Соңғы жаңалықтар