СҚО-да облыстық маңыздағы барлық жолдар жабық

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында облыстық маңыздағы жолдар барлық көлік түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, ауа райының бұзылуына байланысты жолдағы қозғалыс сағат 18-30-дан бастап шектелді.

Өңірде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғып, қар жауып жатыр. Соның салдарынан жолды көру мүмкіндігі қиындады.

Сағат 16:00-ден бастап, облыста республикалық бағыттағы Ғ.Мүсірепов ауданының Рузаевка ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі М-36 «Екатеринбург-Алматы» бағытының 795-856 километрінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар