СҚО-да мүгедектерге жағдай жасамаған нысандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «кедергісіз орта» қалыптастыру мақсатында әлеуметтік нысандар тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті мамандарының мәліметінше, биыл халықты әлеуметтік қорғау бойынша бақылау бөлімі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңдардың сақталуына 45 тексеріс жүргізсе, оның 24 профилактикалық сипатта, 21 жоспардан тыс жүргізілді.

Тексеріс нәтижесі бойынша заңды орындамай отырған бес субъект анықталып, оларға жалпы сомасы 984 мың теңге болатын айыппұл салынды. Бір әкімшілік материал ұйғарымды орындамағаны үшін сотқа жіберілді. Соттың шешімі бойынша лауазымды тұлға кінәлі болып танылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 462 бабы 3-бөлімі бойынша 15 АЕК - 37 875 теңге айыппұл төледі.

Тексеріс қорытындысы бойынша мамандар анықталған заң бұзышылықтарды жоюға және оны белгілі бір мерзімде орындауға 43 ұсыным берді. Бүгінгі олардың 23-і орындалды, қалғандардың мерзімі өткен жоқ. Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары тұрақты бақылауға алған.

Биыл қазан айының соңында жұмысшы топ СҚО әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз ортаны» қалыптастыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігін анықтау мақсатында тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға халыққа қызмет көрсететін барлық нысандарды мүгедектігі бар тұлғаларға қол жетімділік деңгейін анықтау мақсатында толығымен түгендеуден өткізу тапсырылды. Талапқа сай болмаған жағдайда мемлекеттік нысандарды жөнге келтіруге бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс. Мүгедектерге қол жетімді жағдай жасау үшін бұл жұмыстарды шұғыл аяқтау туралы ұсыныс берілді. Оның орындалуы тұрақты бақылауда болмақ.

Соңғы жаңалықтар