СҚО-да мөңке балығының неден қырылғаны белгілі болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында экологтер Питное көліндегі мөңке балығының неден қырылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балық көл түбінен күкіртсутектің көп мөлшерде бөлінуінен өлген.

«1 маусым күні Питное көлінде балықтың қырылуына байланысты ведомствоаралық топтың отырысы өтті. Мәжіліс хаттамасына сай мөңке балығы газдың бөлінуіне байланысты қырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Мамыр айында М.Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде балықтың жаппай қырылғаны хабарланды. Экологтер судан сынама алған болатын.



Соңғы жаңалықтар