СҚО-да мешіт имамдары коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мешіт қызметкерлері коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы және Петропавлдың бір топ наиб имамы облыс орталығындағы емдеу мекемесінде орналасқан екпе пунктінде вакцина салдырды.

«Жұқпалы ауру саябырситын емес. Онымен көп болып күресуіміз қажет. Қазіргі уақытта аурудың таралуын болдырмау үшін вакцина алу маңызды. Шариғатымыз да денсаулық мәселесінде «әр аурудың шипасы бар, емделіңдер» деп мұқияттылық танытуды талап етеді», - дейді вакцина қойдырған мешіт қызметкерлері.

Облыс имамдары Қытайдың «Sinopharm» компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасын таңдады.

Бұған дейін өңірге қытайлық вакцинаның 13,5 мың дозасы жеткізілгенін айтқан едік.

СҚО-да 60 мешіт болса, онда 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың жартысынан астамы бүгінге дейін вакцина қойдырды.


Соңғы жаңалықтар