СҚО-да «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өтіп, жеңімпаз әулет анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға өңірдің 14 ауданынан 17 отбасы қатысты. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішевтің айтуынша, биылғы конкурсанттардың 40% - көпбалалы отбасылар.

«Байқау 2013 жылдан бері өтіп келеді. Бүгінде халық арасында танымал және сүйікті байқаулардың біріне айналған. Оны бүгінгі іс-шарадан-ақ байқауға болады. Біздің қоғамда отбасы - рухани құндылықтардың негізі. Ұрпақтар сабақтастығы арқылы халқымыздың үлкендерді сыйлау, қонақжайлық, еңбекқорлық секілді көптеген жақсы қасиеттері атадан балаға беріліп келеді», - деді Руслан Әлішев.

Оның айтуынша, биыл ұлттық байқауға қатысуға өңірден 69 отбасы ниет білдірген.
null

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, екінші орынды Тайынша ауданынан Шатарбай шаңырағы, үшінші орынды жамбылдық Мәшіковтер отбасы иеленді. Бірінші орынға айыртаулық Ушаковтар әулеті лайық деп танылса, бас жүлде Уәлиханов ауданынан келген үйелмен Мұхамедьяровтарға бұйырды.

Бұдан басқа 13 отбасы 6 номинация бойынша марапатталды. Байқау жеңімпаздарына тұрмыстық техника сыйға берілді.
null

Соңғы жаңалықтар