СҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 6 мыңға жуық балаға көмек көрсетілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Білім басқармасы «Мектепке жол» акциясы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылап есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мектепке жол» акциясы былтырдан бастап жыл бойы өтетін болған. Мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және қолайсыз отбасылардан шыққан, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету.

«Мектепке жол» акциясына үнемі қатысып, балаларға қолдау көрсететін кәсіпкерлер бар, олар: «Мәмбетов и К», «Петропавл арақ зауыты», «АЗКО», «Буденное СК», «Раисовское», «Астық Привольный», «Западное СК», «ES GLOBAL AGRO», «Тахтаброд», «Адани Агро», «Компания «Эдил», «Азия-Тораңғұл» ЖШС, Визигин, Кантемир-Агро, Заградовское, Прометей-Агро ЖК.

Биыл қашықтан оқуға байланысты балаларға компьютерлік техника қажет болды. Мектептер мұқтаж оқушыларды қамтығанымен, демеушілер де көмек берді. Аққайың ауданында Полтавка мектебінің түлектері 4 оқушыға 630 мың теңгеге ноутбук алып берді. Аралағаш орта мектебінің түлектері де 5 балаға 2 компьютер және 3 ноутбук сыйлады. Алайда әлі де көп балалы отбасыларға компьютерлік техника қажет», - дейді СҚО білім басқармасының бас маманы Айгүл Оспанова.

Бүгінге дейін «Мектепке жол» акция аясында 5978 балаға көмек көрсетілді. Жалпы сомасы 47 млн 656 мың теңге.


Соңғы жаңалықтар