СҚО-да Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданына әкім болып Владислав Лукин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамлют ауданының жаңа әкімін өңір басшысы Құмар Ақсақалов аудан активіне таныстырды.

Владислав Геннадьевич Лукин Петропавл қаласының тумасы, 1990 жылдың 16 наурызында дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Жоғары оқу орнын «Құрылыс» мамандығы, «Техника және технология бакалавры» бiлiктiлiгi бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2012 жылы СҚО Құрылыс басқармасының сумен жабдықтау бөлiмiнiң бас маманы болып бастады.

2014-2016 жылдары СҚО Құрылыс басқармасы бөлiмi басшысының міндетін атқарды, бөлiм басшысы болды.

2016-2017 жылдары СҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2017 жылдың қазан айынан 2020 жылдың наурызына дейін СҚО әкiмдiгiнiң Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еттi. Бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымында болды.


Соңғы жаңалықтар