СҚО-да қырманнан 40 тонна жасымық ұрланған, шығын - 11 млн теңге

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қырман басында жасалған ұрлықты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданының полиция бөлімі қызметкерлері «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Многоцветное елді мекеніндегі қырманнан жасымық ұрлады деген күдікпен аудан орталығы Тайыншаның тұрғындарын ұстады. Ауыл тұрғындары осындай бірнеше ұрлыққа қатысты болуы мүмкін.

Бірер күн бұрын аудан орталығы Тайыншадан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Многоцветное ауылы маңындағы кәсіпорындардың бірінен жұмысшылар 4 тонна жасымықтың ұрланғанын байқаған. Бұл факті туралы полицейлерге хабарланады.

Тайынша ауданы полиция бөлімі бастығы Нұрлыжан Ақтановтың сөзінше, ұрлық қыркүйек бойы жасалып келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар осы токта жұмыс істейтін Тайыншаның екі тұрғыны болып шықты. Ұрланған жасымықтың жалпы салмағы 40 тонна, шығын сомасы 11 млн теңге шамасында.

Жасымықты қырманнан шығаруға бес техника - 2 КамАЗ, 2 ЗИЛ және жүк тиегіш пайдаланылған. Қазіргі уақытта техниканы жүргізген екі жұмысшының қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұрланған өнім осы аудандағы ауылдардың біріне өткізіліп отырған. Жасымықтың бір бөлігі алынды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар