СҚО-да КВИ жұқтырғандар саны азайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өткен аптамен салыстырғанда шамамен екі есеге азайды. Инфекциялық стационарларда орындар босап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 73 жағдайы тіркелді. Мәселен осыдан бір апта бұрын, 25 қарашада 138 солтүстікқазақстандықта КВИ анықталған болатын. Қазір инфекциялық стационарларда 478 адам ем алып жатыр, емдеу мекемелері 29 %-ға ғана жүктелген. Жансақтау бөлімшелерінде 45 сырқат жатыр. Өкінішке орай, өткен тәулікте тағы екі сырқат көз жұмды, барлығы 376 адам қайтыс болды.

СҚО - эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта. Жалпы індет басталғалы өңірде 33 066 адам КВИ жұқтырса, соның 1 013-і – медициналық қызметкерлер. 28 968 сырқат тәуір болды.


Соңғы жаңалықтар