СҚО-да құтқарушылар суға батқан балықшыны аман алып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың маңындағы Пестрое көліне балық аулауға шыққан балықшының қайығы аударылып, суға батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғыны таң сәріден Пестрое көліне балық аулауға шыққан. Алайда резеңке қайығы аударылып кетіп, балықшы суға құлаған. Оның көмек сұрап шақырған даусын сол маңда кезекшілікте жүрген құтқарушылар естиді. Бірден көмекке жеткен олар ер адамды судан алып шығып, аман алып қалды.

Балықшы құтқару жилетінсіз қайыққа отырған. Қатты тоңған оған медициналық көмектің қажеті болмады. Жарты сағатта есін жиып, жылынған балықшы құтқарушыларға алғысын жаудырып, үйіне кетті.

Жыл басынан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 25 адамды құтқарса, оның 17-сі балалар. 25 адам қаза тапса, олардың үшеуі балық аулау кезінде мерт болған.

Соңғы жаңалықтар