СҚО-да құтқарушылар қан тапсырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «ҚР Қызыл жарты ай» қоғамының өңірлік филиалы ұйымдастырған іс-шараға қатысып, донор болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні. Осыған орай «ҚР Қызыл жарты ай» қоғамының облыстық филиалы Петропавлда қан тапсыру күнін ұйымдастырды. Бұл акцияға СҚО ТЖД қызметкерлері де қатысты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл күні департаменттің 30- дан астам қызметкері қан орталығына барып, донор болды. Күнделікті қызметінде өліммен бетпе-бет келетін мамандар бұл игі істің қаншалықты маңызды екенін біледі.

«Біз төтенше жайдайда жұмыс істеп, адамдардың өмірін құтқарамыз. Қан тапсыру арқылы да біреуді ажалдан аман алып қалып жатсақ жақсы емес пе?! Жарақат алған адамға да, ауыр науқасқа да дәл қазіргі уақытта біздің қанымыз керек болуы мүмкін. Сондықтан мұндай іс-шараларға белсенді қатысамыз, адамды құтқару – біздің міндетіміз», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.


Соңғы жаңалықтар