+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

СҚО-да құс тұмауына байланысты тағы 6 ауыл карантинге жабылады

2020 жылғы 21 қыркүйек 21:23
Бөлісіңіз:
СҚО-да құс тұмауына байланысты тағы 6 ауыл карантинге жабылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы табылған ошақтан 20 шақырым радиустағы үй құстарына вакцина егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді Құс тұмауы салдарынан шығынды өтеуге қосымша қаражат керек - Сапархан Омаров Құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтанды – Асқар Мамин

СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуынша, осы аумақтағы үй құстарының барлығына екпе жасалады.

Ауру ошағы жаңадан табылған жағдайда ол жерде де вакцинация жүргізіледі.

«Облыстың 11 ауданында үй құсы қырылды. Оның жетеуінде құс тұмауы расталды. Әзірге 11 елдімекенге карантин енгізілді. Тағы алты ауылды карантинге жабу мәселесі қаралып жатыр. Өңірде республикалық эпизоотиялық жасақ жұмыс істеуде. Дезинфекциялық бөгеттерді қоя бастады. Бүгін тұрғындардан өлген және ауырған құстарды алу жөнінде арнайы қаулы шығады. Содан кейін құстар алынып, жойылады. Құстардың көзін жою үшін қозғалмалы инсинератор келді», - дейді Берік Әлжанов.

Айта кетейік, бүгін орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева бастаған бір топ маман құс тұмауына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT