СҚО-да құрғақ шөптің өртенуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Желяково ауылында 2 мамыр күні болған өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылжар ауданы, Желяково ауылында 2 мамыр күні болған өрттің салдарынан 3 тұрғын үй және 3 тұрғын емес үй қирады. Қылмыстық кодекстің 204-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт сөндіру қызметі өрттің үш тұрғын үйге таралуының алдын алды. Өрт алдын ала болжам бойынша, құрғақ шөп пен тұрмыстық қалдықтардың ашық жерде тұтануыынан болған», - дейді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Оның айтуынша, өрттен зардап шеккендерге Желяково ауылынан уақытша тұрғын үй берілді.


Соңғы жаңалықтар