СҚО-да коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы — 50 жастан асқандар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырып жатқандардың көбі — 60 жастан асқандар, олар барлық науқастардың 26% құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде карантиндік шараларды күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алуға арналған брифинг өтіп, мамандар облыстағы қазіргі жағдайға тоқталды.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің маманы Айнаш Сағындықованың айтуынша, соңғы екі аптада КВИ-мен ауырғандар саны 1,5 есеге артып, 157-ге жеткен. Оның 37 %-і – 58 жағдайда инфекция жұқтырғандар шеттен келген.

«Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар санының артуының бірнеше себебі бар. Халықтың 21% немесе 117 мың адам тестілеуден өтті, өткен аптамен салыстырғанда тестілеумен қамту 4 541-ден 7414-ке дейін жетті. Сонымен қатар, жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызу көлемі 17% -ға өсті, бүгінде ауруханаға жатқызу кезінде КВИ-ға материал алынады. Облыста КВИ жағдайлары барлық жас санаттарында байқалды, ең үлкен үлес 60 және ол жастан асқандар - 26% (1128 жағдай), 50-59 жаста - 20% (8557 жағдай), 30-39 жаста - 18% (728 жағдай), 40-49 жаста - 14% (605 жағдай), 19-29 жаста - 14% (569 жағдай), 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 8% (347 жағдай) және 15-18 жас аралығындағы үлес тек 2% құрайды (92 жағдай)», - дейді Айнаш Сағындықова.

Мамандардың айтуынша, қауіпті аурудың бірінші толқынында негізінен 40-49 жас пен 30-39 жас аралығындағылар ауырса, бүгінде 60 жастан асқандар арасында жұқтырғандар жиі кездеседі.

«Қазір Ресейде тұратын туыстарына бір рет барып-келуге рұқсат бар. Соны көрші мемлекетте аурудың өршіп тұрғанына қарамастан көпшілік пайдалануда. Әсіресе зейнеткерлер үйде отырмайтын болған. Ол жақтан ауырып келіп жатыр. Өткен екі аптада 157 жағдай тіркелсе, соның 58-інде сырттан келгендерде анықталған. Осы 58 жағдайдың 38-і – зейнеткерлер. Біз сіздерден өз бастарыңызды, туған-туыстарыңыз бен, айналаңыздағылардың денсаулықтары мен өмірлерін қауіп-қатерге тікпей, үйде отыруларыңызды, жүріп-тұруды шектеулеріңізді сұраймыз», - деді СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Қазір Ресеймен шекарада 3 бекет бар. Бір аптаның ішінде осы жерден 4059 адам өткен.

«352 адамның өзімен бірге ПТР тестінің нәтижесі болмады. Карантинге алынып, тест тапсырды. Солардың 20-сынан КВИ анықталды. Олардың 13-і СҚО -дан болса, қалғандары басқа өңірлердің тұрғындары. Шетелдік 8 адам еліне қайтарылды», - деді Татьяна Горлова.


Соңғы жаңалықтар