СҚО-да коронавирус жұқтырған науқас - Түркістан облысының тұрғыны

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған адам - Түркістан облысының тумасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 анықталған ер адамның жасы 52-де. Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейді. 20 мамыр күні Омбы қаласынан М.Жұмабаев ауданының «Қарақоға» бекеті арқылы шекарадан өтті. Бірден коронавирус инфекциясын тексеріліп, қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды.

Қазір сырқат Петропавлдағы қалалық бірінші аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем алып жатыр. Онымен байланыста болған адамдардың саны анықталып жатыр, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

СҚО аумағында 21 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 40 адам тіркелген.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөлімшесінде – 9, провизорлық стационарда – 49 және карантиндік стационарда 91 адам жатыр. Үй карантиніне 340 адам оқшауланған.

Соңғы жаңалықтар