СҚО-да коронавирус жұқтырған 49 адамның жағдайы ауыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 147 адам КВИ жұқтырды, қазір өңірде стационарлар 46% толған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Петропавлға тиесілі.

Өткен тәулікте облыс орталығының 76 тұрғыны ауырған. Жалпы соңғы кезде КВИ жұқтырғандардың 90 %-ында ауру белгілері бар.

Облыста өткен жылдың наурызынан бері 18193 адамда коронавирус анықталған. Оның ішінде 775-і – дәрігерлер.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдің инфекциялық стационарларында 725 адам ем алып жатыр.

Оның 49-ының жағдайы мүшкіл. Бүгінге дейін қауіпті инфекциядан облыста 60 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар