СҚО-да коронавирус инфекциясының бес ошағы белгілі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының бес ошағы белгілі. Мамандар ол жерлердің барлығының арнайы дезинфекциядан өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігі берген мәлімет бойынша, қауіпті індеттің төртеуі Петропавл қаласында орналасқан.

Олар: Н.Назарбаев көшесіндегі 270 үй, Парковая көшесіндегі 121 үй, Хименко көшесіндегі 1 үй және Кәрім Сүтішев, 17 мекенжайы бойынша орналасқан.

Тағы бір науқас Тайынша ауданының Келлеровка елді мекенінде анықталды.

Мамандардың айтуынша, соңғы үш жағдайда сырқаттар бір жерде еңбек еткен.



Соңғы жаңалықтар