СҚО-да көңіл-көтеру орындарында төтенше жағдай режімін бұзуға қатысты 25 дерек анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өзге де өкілетті органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, төтенше жағдай режімінің сақталуын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдке қатысушылар көңіл-көтеру орындарының, қоғамдық тамақтану нысандары мен сауда орындарын тексереді. Өңірде төтенше жағдай режімін сақтау нормаларын түсіндіру және осындай бұзушылықтардың алдын алуда волонтерлер де көмек көрсетіп жатыр.

Жергілікті полиция қызметінің мамандары Петропавлда соңғы тәулік ішінде компьютерлік клубтардың бірінің сағат 22.00-ден кейін жұмыс істегенін анықтады. Оның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Барлығы демалыс күндері Петропавлда төтенше жағдай режімін бұзудың 8 фактісі тіркелді, оның 7-і - дәмхана иелері тарапынан жасалған. Ш.Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы көңіл көтеру орнында сағат 22.00-ден кейін келушілер болған, осыған байланысты дәмхана иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Кәсіпкердің қандай жазаға тартылатынын сот шешетін болады.

«Төтенше жағдай режімі – коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл жасау үшін қабылданды. Белгілі бір қағидаларды сақтағанда ғана ол өз нәтижесін бермек. Тұрғындар осындай шектеуге түсіністікпен қарауы тиіс, бұл бірінші кезекте азаматтардың өздерінің қауіпсіздігі үшін қажет. Сонымен қатар тәртіп сақтауға шақырамыз», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Жалпы СҚО-да бірер күнде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабын бұзудың 25 дерегі анықталды. Аталған бап бойынша айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Соңғы жаңалықтар