СҚО-да қираған ғимаратты бұзуға рұқсат берген әкімге үкім шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің бұрынғы әкіміне жаза кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, ауылдық округ әкімі С.Байгужин Тимирязев аудандық ауруханасының бұрынғы жұқпалы аурулар бөлімшесінің қираған ғимаратын бұзып алуға рұқсат беру арқылы алаяқтық жолмен ақша алуға әрекеттенген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

19 наурызда Тимирязев аудандық сотының үкімімен Байгужин 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар