СҚО-да қай сыныптың оқушылары мектепке барып білім алады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты 1-5 сынып оқушыларына мектептерде оқуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова брифингке қатысып, коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты білім беру процесіне енгізіліп отырған өзгерістер жайында айтты.

«Бұл өзгерістер 2 наурыздан бастап енгізіледі. Ертеңнен бастап 1-5 сынып аралығындағы оқушылар бұрынғыдай кезекші сыныптарда ғана емес, толық оқиды. Ата-аналардың өтініші бойынша бала немесе ата-ана, жақын туыстарының бірі ауырған жағдайда оқушыны қашықтан оқуға көшіруге болады. Жалпы мектептердің жұмысы біртіндеп қалпына келіп жатыр. Оқушылар саны 30 % аспауы қажет. Қажет болған жағдайда екі ауысымда оқитын болады», - деді Гүлмира Кәрімова.

300-ге дейін оқушысы бар қала және ауыл мектептері және мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бұрынғысынша дәстүрлі форматта оқи береді.

Олар үшін пәндердің 70 %-ы штаттық режимде, қалғаны қашықтан оқытылады.

Сыныптағы бала саны 15-тен аспауы керек.

«Сондай-ақ арнайы мамандандырылған мектептерге дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы қажет. Балалардың мектеп формасына келетін болсақ – олар ыңғайлы, классикалық стилде киінулері қажет. Ал 6,7,8,10-сынып оқушылары сабақты қашықтан оқуды жалғастырады», - деді басқарма жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар