СҚО-да қардан жасалған Ақорда пайда болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл кенті қардан жасалған Ақорда, Хан Шатыр, Қарасай мен Ағынтай батыр мемориалдық кешендерімен безендірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудан орталығындағы басты алаңға орналастырылған қардан жасалған пішіндерді мектеп педагогтары жасады. «Хан Шатыр» ОСО-ны Саумалкөл қазақ орта мектебінің ұжымы қардан қаласа, Ақорданың ғимаратын - ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балаларға арналған Айыртау мектеп-интернаты әзірледі. Қарасай мен Ағынтай батыр шағын мемориалдық кешенін №1 Саумалкөл орта мектебінің ұстаздары жасады.

null 

«2016 жылы біздің еліміз маңызды тарихи датаны - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтті. Ұйымдастыру комитетінде мерекеге орай ауданды безендіру мәселесіне тоқталғанда, Қазақстанның брендін таныстыру керектігін шешті. Бұл идеяны мектеп ұжымы қолдады. Қалашықты желтоқсанның ортасында әзірледік», - деп мәлім етті Айыртау аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Жақсылық Жүсіпов. 

nullnull null null 

Соңғы жаңалықтар