СҚО-да карантиндік шектеу жеңілдетіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының 28 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, облыс қыркүйек айының басынан «сары» аймақта орналасқан. Осыған байланысты СҚО әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссияның шешімі негізінде 28 қыркүйектен бастап өңірде бірқатар жеңілдік енгізілмек:

1) сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауналарға, СПА орталықтарына, бассейндерге, спорт кешендеріне, фитнес орталықтарына сенбі және жексенбіде жұмыс істеуге рұқсат берілді;

2) діни нысандарда бір адам кемінде 4 шаршы метр алаңмен қамтамасыз етілгенде, сыйымдылығын 30 %-дан асырмай жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді;

3) 30 адамнан асырмай жеке, топтық дайындықтар үшін мәдениет нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат;

4) спорттық іс-шараларды зал толымдылығын 15 %-дан аспайтын мөлшерде, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының отыратын орындар санын 20 %-дан асырмай өткізуге рұқсат берілді;

5) қызметкерлердің кемінде 50 %-ын қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру, қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудан өткен жағдайда ұйымдар, офистер пайыздық ара қатынас бойынша талаптарды есепке алмай қызметін жүзеге асырады.

6) қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақытын сағат 24.00-ге дейін ұзартуға, келушілер санын 50 %-дан және 50 орыннан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуге шектеу енгізіледі.

Ал «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандар келушілердің «жасыл» мәртебесі болған жағдайда:

а) Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойларды толымдылығын 50 %-дан және адам санын 70-тен асырмай өткізуге;

б) Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шараларды толымдылығын 50 %-дан және адам санын 70-тен асырмай өткізуге;

в) Көрмелерді толымдылығын 70%-дан және бір уақытта 300 келушіден асырмай өткізуге;

г) Көрермендермен спорттық іс-шараларды толымдылығы 70%-дан асырмай өткізуге;

д) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтарында жаттығуларды толымдылығын 30%-дан артық емес өткізуге;

е) діни нысандарда толымдылығын 30 %-дан асырмай іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді.


Соңғы жаңалықтар