СҚО-да қарақұмық пен күріш арзандайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы облыстық тұрақтандыру қорымен бірлесіп, картоптың көтерме және бөлшек бағасын көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Картоптың бағасы 5 теңгеге қымбаттайды. Бөлшек бағасы бір келісі 80 теңгені құрайды. Басқарма басшысы Құралай Жарованың айтуынша, бағаның көтерілуіне оны сақтау шығындарының артуы себеп болған.

«Картоптың қоры бар, тағы 153 келісім жасалған. Қызылжар аудандық ауылшаруашылық өндірушілерінен тікелей жеткізу жолға қойылды. Осы аптада 100 тоннасын өткізу жоспарлануда», - деді Қ.Жарова.

Картоп пен пияз солтүстікқазақстандықтарға жаңа өнімге дейін жетеді. Сәбіз бен орамжапырақтың жағдай қиын болып тұр. Облыстық тұрақтандыру қорында бұл көкөністердің қоры бітіп қалған. Басқарманың ақпараты бойынша, қазір жеткізушілер іздестіріліп жатыр.

«Біз күзде өзіміз өндіретін көкөністердің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ететіндігімізді мәлімдеген едік. Біз қысы бойы оны жүзеге асырдық. Бірақ бұл жұмысты маусымға дейін жалғастыру керек. Қырыққабатты оңтүстік облыстардан іздеңіздер», - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар, өңірде қарақұмық пен күріштің бағасы 20 теңгеге арзандайды. Бұл астықтардың бөлшек бағасы сәйкесінше 160 және 180 теңгені құрайды. 

Соңғы жаңалықтар