СҚО-да қала мен 4 ауданға жаңа прокурорлар тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл, Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Петропавл қаласының прокуроры болып Арман Нұртазин тағайындалды.

Арман Қайырболатұлы Нұртазин 1980 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған.

Әр жылдары СҚО прокуратурасының бөлім басшысы, басқарма басшысы және орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры қызметін атқарды. Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

Қызылжар ауданының прокуроры болып Қайрат Ермекбай тағайындалды.

Қайрат Ермекбайұлы Ермекбай 1978 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған.

Әр жылдары Петропавл қаласы прокурорының орынбасары және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның прокуроры қызметтерін атқарған.

Осы уақытқа дейін Мамлют ауданының прокуроры болды. Сыныптық шені -әділет кеңесшісі.

Тайынша ауданының прокуроры болып Ғалымжан Әубәкіров тағайындалды.

Ғалымжан Сайранұлы Әубәкіров 1976 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары СҚО прокуратурасының Уәлиханов, Есіл аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Қызылжар ауданының прокуроры болып еңбек етті. Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болып Алтынбек Танқыбаев тағайындалды.

Алтынбек Ибадуллаұлы Танқыбаев 1976 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған. Аққайың, Уәлиханов аудандарының прокуроры қызметін атқарған. Бұған дейін Тайынша ауданының прокуроры болды. Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.

Мамлют ауданының прокуроры болып Самат Төлегенов тағайындалды.

Төлегенов Самат Ерсайынұлы 1985 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2008 жылы бастаған. Әр жылдары облыс прокурорының орынбасары және басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

Осы уақытқа дейін СҚО прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының басшысы қызметінде болды. Сыныптық шені - кіші әділет кеңесшісі.


Соңғы жаңалықтар