СҚО-да ірі көлемде есірткі саудалауға қатысты іс тергеліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер үш күн бойы есірткі тасымалдаған құқық бұзушыларды анықтап, ізін кесу жұмыстарымен айналысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 283 келі марихуана тәркілеген. Полицейлер  есірткі тасымалдаған  13 қылмыскерді, соның ішінде ірі көлеимде заңсыз есірткі сақтаған 1 фактіні анықтады.

«Аудан тұрғындарының бірінен 1,5 келі марихуана тәркіленді. Ол қылмыстық жауапқа тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ірі көлемде есірткі өткізу фактісі де анықталды. Басқа да мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Учаскелік инспекторлар, патрульдік және есірткіге қарсы күресуші басқа да бөлімше қызметкерлері жастардың көңіл көтеретін орындарын тексерді.

«Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Біздің өңірде есірткіге тәуелділер арасында жабайы өсетін сора танымал емес. Соған қарамастан, бұл өсімдікті егуге тыйым салынады», - деді СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Соңғы жаңалықтар