СҚО-да халықаралық жас ақындар конкурсы өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатында «Жыр жұлдызы  Мағжан поэзиясы - ұлттық руханият негізі» атты халықаралық жас ақындар конкурсы өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Конкурста Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстары және РФ Омбы облысынан 40 ақын өнер көрсетіп жатыр. 5-11 сынып оқушылары 4 номинация бойынша бақ сынауда: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша зерттеу жұмысы, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу конкурсы, өз шығармашылығынан Мағжанға арналған өлең оқу және жас ақындар айтысы.

Санат Исімов Омбы облысынан келген. Ол өз өлеңін оқу номинациясына қатысып жатыр.

«Біздің мектепте орыс тілінен де, қазақ тілінен де сабақтар өтеді. Қазақ тілін еркін меңгергенмін. Менің өлеңім «Мен жастарға сенемін» деп аталады. М.Жұмабаевқа арналған іс-шараға, Петропавлға алғаш рет келіп отырмын», - деді Санат.

Конкурс жеңімпаздары дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар мен сыйақылар алады.

Соңғы жаңалықтар