+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

СҚО-да ерлі-зайыпты иіс тиіп көз жұмды

2021 жылғы 28 маусым 03:19
Бөлісіңіз:
СҚО-да ерлі-зайыпты иіс тиіп көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыпты иіс тиіп уланып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 3,1 млн тонна бидай жиналды СҚО-да карантиндік шектеу жеңілдетіледі Ресейде бес жыл іздеуде болған алаяқ әйел Петропавлдан табылды

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 25 маусым күні Тайынша ауданының Горькое елді мекенінде болған. 112 қызметіне ауылдағы үйлердің бірінде пешті дұрыс жақпау салдарынан екі адамның – 1977 жылғы ер адам мен оның 1982 жылғы әйелінің қаза тапқаны туралы хабарлама түседі. Ерлі-зайыпты иіс тиіп, уланып қалған.

Олардың 2007 жылы туған ұлдары ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қаза тапқандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Мамандардың айтуынша, біре күн бұрын үйдегі пеш жөнделген екен, алайда іс соңына дейін жеткізілмепті. Салдарынан пештен улы газ шыққан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT