СҚО-да екі көлік соқтығысып, бір әйел жарақат алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір әйел жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кеше, сағат 19.00 шамасында болған. Бескөл ауылының маңында екі көліктің соқтығысқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Кейін осы постқа қатысты полицейлер түсінік берді.

«21 маусым күні сағат 18.40-та «Петропавл-Жезқазған» автожолында «Hyundai Accent» пен «Nissan Primera» көліктері соқтығысты. Салдарынан «Hyundai Accent» машинасындағы жолаушы ауыр жарақат алып, Петропавлдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты материал жинап жатыр, кейін сол бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген әлеуметтік желідегі жауапта.


Соңғы жаңалықтар