+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да екі автокөлік отқа оранды

2019 жылғы 10 желтоқсан 17:06
Бөлісіңіз:
СҚО-да екі автокөлік отқа оранды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл көліктің қандай брендтерін қазақстандықтар көп сатып алды Шымкентте «Shymkent bike» жобасы іске қосылмақ Қазақстанда жаңа көліктерге сұраныс деңгейі белгілі болды

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында машина қозғалтқышында қысқа тұйықталу салдарынан жеңіл автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірер минутта жеткенімен көлік толықтай жанып кетті.

«Ақжар ауданындағы «Көкшетау-Омбы» автожолының 188 шақырымында электр сымдардың қысқа тұйықталуынан УАЗ автокөлігіне айтарлықтай зақым келді. Екі өртті де аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары сөндірді. Алайда автокөліктердің 5-8 минут ішінде толығымен жанып кететінін естен шығармаған жөн. Сондықтан әрбір автокөлік иесі қозғалыс құралдарының техникалық жарамдылығын, әсіресе электр жабдықтарын үнемі бақылап, қажет болған жағдайда оны жөндеуі қажет», - дейді СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлар басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев.

Автокөліктердің өртке орануының жиілеуін мамандар түрлі жылытқыштардың орнатылуымен де байланыстырып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT