СҚО-да браконьерлер мемлекетке 2 млн теңге шығын келтірді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Биоресурстарды қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер 15 күн бойы қорықшылармен және шекара қызметімен тығыз байланыста жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс аумағында аң аулауға тыйым салынған. Дегенмен, мұны елемейтіндер де бар. Облыс аумағында 1 сәуірден, операция басталғалы 10 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Заңсыз аң аулауға шыққандардың бірі қарумен, енді бірі тұзақ және қақпанмен ұсталды.

«Өзен-көлдерде балық аулау үшін рұқсат қағазы болуы қажет. Қызылжар ауданындағы Ұялы көлінде екі ер адам жалға берушіден рұқсат құжатын алмастан заңсыз балық аулаған. Ауыл тұрғындарына әкімшілік хаттама толтырылды, енді айыппұл төлейді», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының бастығы Асқат Қожабаев.

Жалпы СҚО-да жыл басынан ҚР ӘҚтК 382, 187, 383-бабы бойынша 81 адам жауапқа тартылды. Заңсыз ағаш кескендер ұсталып, сотқа 4 әкімшілік материал тапсырылды. Экологиялық қылмыстар тіркеліп, 9 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден 9 қару, 5 суық қару, 35 патрон алынды. Браконьерлерден жыл басынан келген шығын - 2 млн теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, шығын мөлшері бұдан да артық болуы мүмкін, өйткені кей сараптамалар әлі аяқталған жоқ.

Ал «Биоресурстарды қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында 15 сәуір аяқталмақ.


Соңғы жаңалықтар