СҚО-да бойжеткен қыздың мүрдесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткен өлі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 19.00 шамасында «102» пультіне өлген әйел адамның денесі табылғандығы жөнінде хабарлама түседі. Мүрде Петропавлдағы «Речпорт» ауданында орналасқан тазарту құрылыстарынан табылған.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу қызметі шығып, тиісті шараларды атқарды.

Табылған мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, бұл сәуір айында жоғалған бойжеткеннің мәйіті.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар