СҚО-да боранда адасқан екі малшы аман табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кеше ақ түтек боранда табын соңынан кетіп, адасқан екі малшы бүгін түске таман аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы Амангелді ауылының екі бақташысы 23 ақпан күні сағат 16.00 шамасында табынның соңынан кеткен. Бірақ қол созым жер көрінбейтін боранда жолдан адасқан. Ер адамдар ұялы телефонмен байланысқа шығып, орманды паналағандарын айтқан. Оларды іздеуге 40 адам жұмылдырылды.


Нәтижесінде бүгін сағат 12.00 шамасында аман-есен табылды. Ер адамдардың жағдайлары жақсы, аудандық ауруханаға барып, медициналық тексерістен өтуге бас тартты.

Бұған дейін СҚО аумағында 23 ақпан күні болған бораннан 5 адамның жоғалғанын айтқан едік.

Сондай-ақ 18 елді мекен жарықсыз қалды.


Соңғы жаңалықтар