СҚО-да биылғы түлектерге 50 білім грантына қаржы бөлінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына қажет мамандарды даярлау үшін бюджеттен 50 білім грантына қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысып, 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, биыл облыс бюджетінен өңір үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 50 білім грантына қаражат бөлінгенін хабарлады.

«20 грант «Жалпы медицина» мамандығына, 15 грант «Ветеринария», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Агрономия», «Білім беру» мамандықтарына 5 гранттан беріледі. Бұған дейін облыс әкімінің гранттары 2018 жылы бөлінді. Ол жолы 75 түлекке облыс бюджеті есебінен тегін білім алуға мүмкіндік берілді», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Мұғалім мамандығының мәртебесі артуына байланысты биыл педагогикалық мамандықтарға өту балы өскен. Егер екі жыл бұрын педагогикалық мамандыққа өту үшін 50 балды жинау жеткілікті болса, былтыр ол 70 балға дейін көтерілді. Биыл 75-ке жетіп отыр.


Соңғы жаңалықтар