СҚО-да биыл полиция автопаркі 127 автокөлікпен толығады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл полиция қызметіне 127 автокөлік сатып алынады. Нәтижесінде тәртіп сақшыларын көлікпен қамту 84% жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017-2020 жылдар аралығында облыстық полицияға 68 машина алынды. Жыл сайын департаменттің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Қоғамдық тәртіпті қадағалап, қылмыспен күресетін бұл қызметтің автопаркі тек биыл тағы 127 көлікпен толықпақ. Нәтижесінде тәртіп сақшыларын көлікпен қамту 84% жетеді.

2016 жылы облыста 700 бейнекамера орнатылды. Төрт жылдың ішінде саны шамамен екі есе артып, 1,4 мыңға жеткен.

Мамандардың айтуынша, полиция қызметінің заманауи және жаңа техникамен жарақтандырылуы өз нәтижесін беріп жатыр. Соңғы 5 жыл бойы қылмыстың төмендеуі байқалады. Яғни 2016 жылмен салыстырғанда жасалатын қылмыс 47% кеміген. Ал соңғы 5 айда оның саны 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% азайып отыр. Мәселен 2020 жылы - 2187, биыл 1943 қылмыс тіркелген.


Соңғы жаңалықтар