+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

СҚО-да биыл оңтүстіктен қоныс аударғандарға 700-ден астам тұрғын үй салынады

2020 жылғы 24 наурыз 17:18
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл оңтүстіктен қоныс аударғандарға 700-ден астам тұрғын үй салынады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз етуді мақсат еткен мемлекеттік бағдарлама аясында 714 тұрғын үй салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр Қазақстанда ипотекалық төлемдер үш ай тоқтатыла тұрады Жыл басынан бері 412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, мемлекеттік бағдарламаға Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарының және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының тұрғындары қатысып, солтүстік өңірлерге көше алады.

«Отбасының әр мүшесіне 35 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындары өтеледі. Бұл төлем отбасы құрамы мен қоныстану орнына байланысты, мысалы қалада: 20-30 АЕК, ауылдық жерде 15-21 АЕК төленеді. Қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар төленеді. Яғни, 5 адамнан артық қабылдаған жұмыс берушіге әр адам үшін 450 АЕК – 1 млн 192 мың теңге беріледі. Қажет болған жағдайда техникалық және кәсіптік білімі бар және қысқа мерзімді кәсіби курстарға жолдама қарастырылған. Сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсетіледі», - дейді басқарма мамандары.

СҚО-да қоныс аударушылар мен оралмандар үшін пилоттық режимде тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Кейін баспаналар сатып алу құқығымен жалға беріледі. Былтыр осы мақсатта 428 үй тұрғызылып, пайдалануға берілді. Жоспар бойынша 2020 жылы 714 баспана салынады. Бұл үйлер барлық аудандарда бой көтермек.

Былтыр жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға жалпы саны 2223 адам болатын 736 отбасы қоныс аударған. 2020 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 1465 адамға белгіленген, яғни 413 отбасы келуі тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT