+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-да биыл 10 сүт фермасы пайдалануға беріледі

2021 жылғы 11 маусым 14:55
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл 10 сүт фермасы пайдалануға беріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы аясында мал шаруашылығына 15 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай кешендерін салу сияқты бірқатар жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Германия арасында климаттың ауыл шаруашылығына әсері талқыланды Ақтөбенің бірнеше ауданын шалғын құрт жайлап кетті Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде атқарылған жұмысты қорытындылап, болашаққа жоспарлармен бөлісті.

Өңірде мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілмек. СҚО-ны кешенді дамыту бағдарламасы аясында бұл салаға 15 млрд теңге бөлінбекші. Бұл қаражатқа жаңа жобалар жүзеге асырылады. Соның ішінде сүт фермаларының, құс фабрикаларының, жылыжай кешендерінің құрылысы да бар.

«Соңғы үш жылда облыста 12 сүт кешені салынып, пайдалануға берілді. Биыл 8 ауданда тағы осындай 16 ферманың құрылысы жүріп жатыр. Олардың 10-ы биыл қолданысқа енеді. Ал Уәлиханов және Ақжар аудандарында 13 мың қара малға шақталған ірі бордақылау алаңы салынады. Бұдан басқа жылына 6 мың тонна ет өндіретін 2 құс фабрикасының құрылысы басталды», - дейді Марат Тасмағанбетов.

СҚО-дағы қайта өңдеу кәсіпорындары да қайта жетілдіріліп жатыр. «Маслодел» ЖШС екі жаңа желі қосылды. Жақында қаймақ шығаратын жаңа қондырғы іске қосылады. Нәтижесінде кәсіпорынның қуаты артып, жылына 119 мың тоннаға дейін шикізат өңдемек.

Ал «Евразиан Милк» ЖШС-гі сыр мен сүт өндіретін жаңа шетелдік қондырғыны орнатып жатыр. Нәтижесінде кәсіпорын тәулігіне 70 тоннаға дейін шикізатты өңдейтін болады.

«Облыста құс фабрикаларының жұмысы қалпына келтірілді. Жыл басында өңірге 1,3 млн балапан әкелінді. Тағы 700-і жеткізілмек. Нәтижесінде жұмыртқамен облыс 100% қамтылады. Жалпы биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін 4% арттыру межесі қойылған», - дейді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT