СҚО-да бірнеше емдеу мекемесі көпсалалы облыстық аурухана болып қайта құрылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бес емдеу мекемесі біріктіріліп, бұдан былай облыстық аурухана негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да денсаулық сақтау саласында оңтайландыру жүріп жатыр. Бұған дейін жеке дара жұмыс істеп келген ауруханалар облыстық ауруханаға біріктіріліп, көпсалалы облыстық аурухана болып қайта құрылды. Олар - тері-венерологиялық диспансер, облыстық перинаталдық орталық, кардиологиялық орталық және онкологиялық диспансер.

«Бұл оңтайландырудың мамандарға қатысы жоқ. Бірақ, бір ауруханада бес бірдей бас бухгалтер немесе сонша бас экономист болуы мүмкін емес. Олардың барлығына лайықты қызметтер ұсынылды. Олардың барлығы бұрынғы жерде, бірақ басқа қызметтерде еңбек етіп жатыр. Еңбекақыларын жоғары деңгейде қалдыруға, барынша әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге тырыстық», - деді денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев.

Бұған дейін Петропавл қаласында көпсалалы заманауи аурухананың құрылысы басталғанын айтқан едік. Нысанды түріктер Маниса қаласындағы клиникаға ұқсас етіп салмақ. Жақында солтүстікқазақстандық делегация Түркияға сапар шегіп, өңірде салынып жатқан аурухананың аналогымен танысты.


Соңғы жаңалықтар