СҚО-да бірнеше аудан әкімі мен басқарма басшыларына сөгіс жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өздеріне жүктелген міндетті жүрдім-бардым атқарған бірнеше шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін жартыжылдықтың қортындысы бойынша үш ауданның әкімі сөгіс алған болатын. Енді олардың қатарына жұмысында салғырттық танытқан тағы бірнеше шенеунік қосылды.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіптік жазаны қолдануға өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы себеп болған.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармаған Жамбыл ауданының әкіміне – қатаң сөгіс, Айыртау ауданының әкіміне - сөгіс және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісіне сөгіс жарияланды.

Еске салайық, өңір басшысы 9 айдың қорытындысына сәйкес аппаратқа тиісті ұсыныстарды жасауды тапсырған болатын.

Айта кетейік, Жамбыл ауданының әкімі алты айдың көрсеткіштері бойынша да сөгіс алған болатын.

Соңғы жаңалықтар