СҚО-да бір тәулікте 61 бала, 7 жүкті әйел коронавирус жұқтырды

None
Фото: sites.wp.odu.edu
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты. Өткен тәулікте қауіпті инфекция 182 адамда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 582 адамнан ПТР-тест алынып, 6,2 %-ында оң нәтиже көрсетті. Ауырған 182 адамның 168-і дәрігерлерге ауырып көрінген. Петропавлда 90 сырқат анықталса, Қызылжар ауданында 22 адам ауырған. Айыртау ауданында – 11, Шал ақында – 10, Тайыншада – 9, қалған аудандарда 9 бен 1 аралығында.

Өткен тәулікте КВИ жұқтырғандардың үштен бірі – балалар, яғни 61 бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта 25-і стационарда, 247-сі амбулаторлық ем алып жатыр.

Дәрігерлер жүкті әйелдер арасында да аурушаңдықтың артқанын айтады. 21 қаңтар күні 7 келіншекте ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен. Бүгінгі күні ауырған 102 әйелдің 39-ы стационарларға жатқызылса, 63-і үйлерінде ем алып жатыр. 653 жүкті әйел тәуір болды.

Жалпы СҚО-да коронавирусты жұқтырғандар саны 36 мыңға жуықтады. 28 399 адам қатарға қосылды.



Соңғы жаңалықтар