СҚО-да бір күнде қоғамдық орындардан 113 мас адам анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлердің «СТОП ішімдік» шарасы аясында бір күнде қоғамдық орындарда мас жүрген 113 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «СТОП ішімдік» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – мас күйде жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

Петропавлда «Северный» ықшам ауданындағы азық-түлік дүкенінің бірінде сағат 21.00-ден кейін ішімдік сатылған. Кәсіпкерге жақын маңда №8 учаскелік полиция пунктінің орналасуы да кедергі болмаған. Тексеру нәтижесінде дүкеннің спирт ішімдігін сатуға лицензиясы жоқ болып шықты. Жеке кәсіпкерге «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бабы бойынша материал жиналды. Дүкеннен 172 литр алкоголь тәркіленді.

«Алкоголь саудасында заңнамамен бекітілген ереже бар, ол адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Лицензия алкогольдің ресми өндірушіден сатып алынғанын растаса, дүкен тауардың тиісті сақталуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық орындарда спирт ішімдігін ішу және мас күйде жүру көп жағдайда бұзақылық жасалуына алып келеді. Спирт ішімдікті түнде сатуға тыйым салу - отбасы-тұрмыстық жанжалды, ауыр қылмысты болдырмауға септігін тигізеді. Жыл басынан СҚО-да мас күйде 701 қылмыс жасалған – бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 пайызға төмен», - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер 160 құқық бұзушылықты анықтады, оның 113-і қоғамдық орындарда мас күйде жүру. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары операция аясында «Маскүнем» санаты бойынша есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексереді. СҚО-да аталған санат бойынша есепте 2 658 адам тұр.


Соңғы жаңалықтар