СҚО-да бір аптаның ішінде 21 адам коронавирустан көз жұмды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустан қайтыс болғандардың саны 227 адамға жетті, тек соңғы бір аптада 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптада өңірде коронавирус жұқтырған 118 адам тіркелді. 4 қазаннан бастап ауырғандар саны артып келеді. Жалпы соңғы бір аптада облыста 642 сырқат анықталды.

Қайтыс болғандар саны да көбейген. 1 қазаннан бастап 21 адам көз жұмса, оның үшеуі өткен тәулікте өмірден озды. Жалпы өңірде 227 адам коронавирустан қайтыс болды.

Мамандардың айтуынша, өңірде коронавируспен ауырғандарға арналған 1200 орын бар. Қазір ол 56,6 %-ға толық. Инфекциялық стационарда 661 сырқат бар, емдеу мекемесі 60 %-ға жүктелген. Ауырып жатқандардың 47-сінің халі нашар.

СҚО-да коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты 9 қазаннан бастап шектеу шаралары күшейтілмек.

Ал үй карантинін сақтамаған 66 адамға 2 млн 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар