СҚО-да бензин мен дизель арзандады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бүгін бензин мен дизель отынының бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиевтің айтуынша, өңір кәсіпкерлері елдегі жағдайды түсінеді. Жанармайдың тұрғындар үшін де, кәсіпкерлер үшін де маңызы зор.

«Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін жеңілдетілген бағамен жанар-жағармайдың берілетіндігін айтты. Біздің жергілікті кәсіпкерлер де қолдау білдіріп, бүгіннен бастап дизель отынына бағаны орташа 7 теңгеге, АИ-92 маркалі бензинге 3 теңгеге арзандатты. Өңірдегі үш компания осындай шешімге келіп отыр», - деді Дархан Қалиев.

Енді тұрғындар «Қазмұнайгаз», «Эталон» және «Шельф» компанияларының жанармай бекеттерінен бензин мен дизельді арзан бағаға ала алады.

«Бұлар - өңірді жанар-жағармаймен қамтып отырған негізгі кәсіпорындар. Біз қалған кәсіпкерлер де бұл игі іске қосылады деген сенімдеміз. Бұған дейін мониторинг жүргіздік, жарты жыл бойы баға төмендемеген», - деді Дархан Қалиев..

Қазір СҚО-да АИ-92 маркалі бензиннің литрі 155-156 теңгеден, ал, дизель – 186 теңгеден сатылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар